Алматыда «БҰҰ Моделі – 2025» аясында БҰҰ-ның 80 жылдығы аталып өтті

Алматыда «БҰҰ Моделі – 2025» аясында БҰҰ-ның 80 жылдығы аталып өтті

2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі Басшысының орынбасары Рашид Еришев Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «Халықаралық БҰҰ Моделі–2025: Бейбітшілік үшін бірігіп - болашақты бірге құрамыз» конференциясына қатысты.

Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен студенттер қатысты. Конференция қазақстандық жастардың бейбіт әрі әділетті болашақты қалыптастыру үшін инновациялық шешімдер әзірлеуге жоғары қызығушылығын көрсетті.

Сонымен қатар, Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан Президентінің негізгі тезистеріне ерекше назар аударылды. Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының рөлі жеке атап өтілді.