Алматыда Қытайдың құрылғанына 76 жыл толуы аталып өтті

Алматыда Қытайдың құрылғанына 76 жыл толуы аталып өтті

2025 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қытай Халық Республикасының құрылғанына 76 жыл толуына орай Қытайдың Бас консулдығының салтанатты қабылдауыға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Қытай арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.