Алматыда қала күніне арналған «Alma Fest» фестивалі өтті

Алматыда қала күніне арналған «Alma Fest» фестивалі өтті

2025 жылғы 21 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында жыл сайынғы қала күніне арналған «Alma Fest» фестивалі өтті. «Біріккен Ұлттар» аллеясында Алматы қ. Бас консулдықтар өкілдерінің 7 шатыры орналасқан, олар өздерінің ұлттық бұйымдарын, тағамдары мен кәдесыйларын көрмеге қойды. Қатысушы елдер Германия, Иран, Қытай, Корея, Польша, Түркия және Өзбекстанның Бас консулдықтары болды. Сондай-ақ, фестивальге Алматы қ. Әкімі Дархан Сатыбалды мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, қатысты.