2025 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, қазақ халқының ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Данышпан ақын Абай мұрасы және түркі әлеміндегі рухани сабақтастық» атты конференцияға қатысты.
Іс-шараны Түркі академиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясы ұйымдастырды.
Конференция аясында Түркі академиясының Абайға қатысты латын, әзербайжан және түрік тілдеріндегі басылымдары таныстырылды.
Іс-шараға Алматы қ. аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ көрнекті ғалымдар қатысты.