«Жасыл апта 2025: Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторының болашағы»

«Жасыл апта 2025: Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторының болашағы»

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігінің саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаша Аренова «Жасыл апта 2025: Инновациялар, білім беру және орнықты даму: Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторының болашағы» іс-шарасына қатысты.

Іс-шара Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің (ҚазҰАЗУ) жанындағы Жасыл және орнықты даму институты ұйымдастырды.

Қатысушылардың сөз сөйлеулерінің негізгі тақырыбы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологияларын қолданумен агросекторды дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы болды.

Ерекше назар Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының  жұмысына аударылды.