2025 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы Доминикан Республикасының Құрметті консулы, Серик Мажиденовпен, кездесу өткізді. Екі тарап екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Құрметті консул екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.