2025 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Орталық Азиядағы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы субөңірлік кеңсесінің басшысы (БҰҰ ЖКББ) Думитру Липканумен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қолдаудағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының жұмысының келешегін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты форматтарда өзара іс-қимылды белсенді қолдауға уағдаласты.