2025 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мюдеррисоглуның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі атынан Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Бас консулға құрмет грамотасы табыс етілді.