2025 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Франция Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Фабрис Нёвёнің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі.