Өкілдік Басшысы Литваның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті

Өкілдік Басшысы Литваның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті

2025 жылы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Литва Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Шаруне Кубилютеге экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Литваның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.