2025 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігінің саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаша Аренова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай әлем тілдерінде» атты әдеби-музыкалық кешке қатысып, сөз сөйледі.
Өз сөзінде А. Аренова «Абайтануды» ілгерілету және оның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау ісіндегі жұмыстарды атап өтті.
Іс-шараға ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері, сондай-ақ Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.