2025 жылы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Иран Ислам Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Сона Ахмадиға экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Иранның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.