2025 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Үкімет өкілдерімен және БҰҰ қызметкерлерімен бірқатар іс-шараларға қатысты. БҰҰ мен Қазақстан Үкіметі арасындағы Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою басты оқиға болды. Құжатқа қол қойған тараптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі, Мұрат Нұртілеу, және БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Бас хатшысының орынбасары, Ли Цзюньхуа, болды. Бұл Орталық 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібін өңірлік деңгейде ілгерілетудің маңызды аланына айналады.