БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы хатшысы орынбасарының м.а. Алматы қ. сапары

БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы хатшысы орынбасарының м.а. Алматы қ. сапары

2025 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласына жұмыс сапары аясында БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы хатшысы орынбасарының м.а. - Ғаламдық шешімдер департаментінің басшысы Рафаэль Тутспен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар орнықты урбанизация, климаттың өзгеруіне бейімделу және цифрлық трансформация сияқты өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ тараптар Алматы қ. БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының жұмысымен танысты.