Алматы қ. Қазақстан Дипломатиялық күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Алматы қ. Қазақстан Дипломатиялық күніне орай салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігі Алматы қ. Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызмет күніне орай дипломатиялық қызмет ардагерлері мен Алматы қ. ҚР СІМ өкілдігінің қызметкерлері үшін салтанатты іс-шара өткізді. ҚР СІМ-нің атынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін, елдің көпжақты сыртқы саясатқа бейілділігін және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, қонақтарды мерекемен құттықтады. Олардың ішінде Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құруға ерекше назар аударылды, ол өңір елдерінің және БҰҰ Бас хатшысы А. Гутерриштің қолдауына ие болды. Іс-шараның құрметті қонақтары дипломатиялық қызмет ардагерлері болды. Концерттік бағдарламамен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының әртістері өнер көрсетті.