2025 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Литваның Мемлекеттілік күніне орай қабылдауда қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Литваның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші Эгидиус Навикас және Литваның Алматы қ. Бас консулы Гвидас Керушаускас қатысты. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан-Литва арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Литва арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.