2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов қытай композиторы Си Синхайға жаңартылған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараны Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулдығы ұйымдастырды.
Ескерткіштің ашылуы композитордың туғанына 120 жыл және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында өтті.
Өз сөзінде Елші Си Синьхайдың белгілі қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және рухани бірліктің үлгісі екенін атап өтті.