Дүниежүзілік босқындар күніне арналған оқу симуляциясы

Дүниежүзілік босқындар күніне арналған оқу симуляциясы

2025 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев Дүниежүзілік босқындар күніне арналған оқу симуляциясы форматындағы интерактивті іс-шараға қатысты. Іс-шараны БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (UNHCR) Орталық Азия бойынша Өкілдігі Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық қатынастар факультеттерінде білім алатын студенттерінің GANI Networking жастар бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды. Өз сөзінде Р. Еришев Қазақстан халықаралық гуманитарлық келісімдердің қатысушысы ретінде босқындардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаһандық қауымдастықтың күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.