Орталық Азиядағы өңірлік экологиялық ынтымақтастық жөніндегі семинар

Орталық Азиядағы өңірлік экологиялық ынтымақтастық жөніндегі семинар

2025 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Орталық Азияда көпжақты табиғат қорғау келісімдерін тиімді іске асыруға жәрдемдесу: қоршаған ортаның ластануымен күресте синергияны және адам құқықтарына негізделген тәсілдерді ілгерілету» тақырыбындағы әлеуетті арттыру жөніндегі өңірлік семинардың ашылуына қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) және БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясымен (UNECE) бірлесе ұйымдастырылды.

Елші өз сөзінде Орталық Азиядағы экологиялық сын-қатерлерді шешуде үйлестірілген тәсілдің маңыздылығын және де БҰҰ қолдауымен 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммиттің өткізілуін атап өтті.

Семинарға Орталық Азия елдерінен сарапшылар мен БҰҰ-ның елдік кеңселерінің өкілдері қатысты.

Іс-шара өңірдің тұрақты дамуы мен қоршаған ортаны қорғау салаларында бірлескен шешімдерді әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.