2025 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов литвалық суретші және композитор Микалоюс Константинас Чюрлёнистің шығармаларына арналған «Чюрлёнис әлеміне саяхат: өнер мен әуен үйлесімі» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Елші Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы көрменің маңыздылығын атап өтті.