2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Португалияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Португалия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, Құрметті консулдықтың ашылуы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуға, туризмді дамытуға, академиялық алмасулар мен бизнес-бастамаларды қолдауға ықпал ететінін атап көрсетті.
Соңында, Ж. Әбдрашов екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.