2025 жылғы 29 мамырда «БҰҰ Плаза» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Алматы қаласына сапармен келген БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД бойынша Аймақтық бюросының директоры (UNDP) Ивана Живковичпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар әлеуметтік қорғау, цифрлық инклюзия және климаттың өзгеруі сияқты негізгі бағыттар бойынша БҰҰДБ-ның Елдік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталыққа ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар өңірдің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға дайын екендіктерін растады.
Ж. Әбдрашов пен И. Живкович «UN Plaza» ғимаратына бірге барып, БҰҰ хабының қызметімен танысты.