2025 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Өзгерістер көшбасшысы – жастар: Ықпал үшін диалог» форумына қатысып, сөз сөйледі.
Іс-шара БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі көмекшісі доктор Фелипе Паульердің Алматы қ. сапары аясында ұйымдастырылды.
Ж. Әбдрашов Қазақстанның БҰҰ-ның жаһандық жастар күн тәртібіне адалдығын растап, цифрландыру, білім беру және психикалық денсаулық салаларында БҰҰ Жастар істері басқармасымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ Елші Алматы қаласында жаңадан ашылған Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталықтың өңірлік жастар ынтымақтастығы үшін маңызды платформа ретіндегі әлеуетіне назар аударды.