Қазақстан мен Орталық Африка Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты

Қазақстан мен Орталық Африка Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Орталық Африка Республикасының сыртқы саяси ведомстволарының басшылары БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Нью-Йорк қаласында екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды.

Құжаттың қабылдануы Қазақстан мен Орталық Африка Республикасының екіжақты байланыстарды дамытуға және халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды нығайтуға өзара мүдделілігін растайды.