Қазақстан мен Алжир цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Алжир цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

АЛЖИР, 2025 ж. 18 желтоқсан – ҚР Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Білім экономикасы, стартаптар және микрокәсіпорындар министрі Нуреддин Уадамен келіссөздер жүргізді.

Тараптар цифрландыру және білім экономикасы саласындағы бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік ұйымдар және жеке компаниялар арасындағы әлеуетті жобаларды егжей-тегжейлі талқылады.

Ә.Ахметов алжирлік министрді Мемлекет басшысының Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі бастамаларымен таныстырды, сондай-ақ оған Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен «Цифрлық көпір-2025» форумында сөйлеген сөзінің мәтіндерін берді.

Н.Уада еліміздің ұлттық цифрлық экожүйені дамытудағы, суперкомпьютерлерді тиімді пайдаланудағы және жасанды интеллектті кеңінен қолданудағы табыстарын жоғары бағалады. Ол ел Президенті деңгейінде экономикалық дамудың цифрлық векторын саяси қолдау табысқа жетудің басты факторы екенін атап өтті.

Алжирлік министр осы инновациялық секторды жүйелі дамыту және келешегі бар инфрақұрылымды қалыптастыруда Еуразиялық аймақтағы басты цифрлық хаб ретінде Қазақстанның тәжірибесін зерделеуге және енгізуге қызығушылығын танытты.

Кездесу барысында алжирлік министрге ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен дайындаған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жобасын ұсынылды.

Тұтастай алғанда, әңгімелесушілер осы салада нақты, өзара тиімді нәтижелерге жылдам қол жеткізу үшін сарапшылық делегациялардың сапарларымен алмасуды қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын белгіледі.