Меню

Ф.И.О.

Должность

Рабочий телефон

Сотовый телефон

Конвер.

номер

Элект. почта

           

1

Садыков Барлыбай Каримович

Посол

 

-

6325

kazembethiopia@mfa.kz

           

2

Кетебаев Талгат Асылбекович

Первый секретарь

+251-116-67-33-54

+251-116-67-33-54

6326

t.ketebayev@mfa.kz

           

3

Сайфулмаликова

Рабига Сабытхановна

Первый

секретарь

+251-116-67-33-54

+251-116-67-33-54

6329

 r.saifulmalikova@mfa.kz 

           

4

Адуов Бахытбек Дюсембекович

Второй

секретарь (консул)

+251-116-67-33-52

+251-965-006-195

6329

visa-addis@mfa.kz            
5

Бакаков Жанибек Толегенович

Механик-водитель

+251-116-67-33-54

+251-116-67-33-54

6331

Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 745 Жарлығына сәйкес ашылды.

Елшіліктің міндеттеріне Қазақстан мен Эфиопия, сондай-ақ Батыс, Орталық және Шығыс Африканың бірқатар елдері (Гана, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Комор аралдары, Сейшел аралдары, Сомали, Эритрея) арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолғабыс ету кіреді. Оның ішінде саяси және мәдени-гуманитарлық іс-қимыл, сауда, инвестициялар, қорғаныс, ғарыш, спорт және т.б. салалар бар.

Бұдан бөлек, Елшілік өзі аккредиттелген Африка одағымен, ЮНЭКА және ИГАД ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға арналған.

Африка одағы — Африканың 55 мемлекетінің басын қосатын халықаралық үкіметаралық ұйым, Африка бірлігі ұйымының құқықтық мұрагері. Штаб-пәтері Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) орналасқан.

ЮНЭКА — Біріккен Ұлттар Ұйымының бес аймақтық комиссиясының бірі. АЭК мандаты оған мүше мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесуден, өңірішілік интеграцияны ілгерілетуден және Африканың дамуы жолында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етуден тұрады. Штаб-пәтері Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) орналасқан.

ИГАД — Шығыс Африканың даму жөніндегі үкіметаралық органы. Оның құрамына Джибути, Судан, Сомали, Эфиопия, Кения және Уганда сияқты елдер кіреді. Штаб-пәтері Джибутиде орналасқан.

Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс істейді. Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн.  Сенбі және жексенбі - демалыс күндері, сәрсенбі. Консулдық бөлім Қазақстан Республикасының мереке күндері жұмыс істемейді.

Консулдық мәселелер бойынша келушілерді қабылдау демалыс, мереке күндерін және сәрсенбі күніні қоспағанда, күн сайын алдын-ала жазылу бойынша сағат 09.00-13.00-ге дейін жүргізіледі.

 

Консулдық округке келесі елдер кіреді:

  1. Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы; 2. Джибути Республикасы; 3.Конго Демократиялық Республикасы; 4. Сомали Федеративтік Республикасы; 5. Сейшелдер Республикасы; 6. Гана Республикасы; 14. Эритрея Мемлекеті; Комор Аралдары Одағы.

 

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық

Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімі туралы мәліметтер

Азамат Қуанышқалиұлы Серік, Бірінші хатшы - консул

Тел.: +251-945-051-624

e-mail:  visa-addis@mfa.kzkazembethiopia@gmail.com

 

Өтініш беру және құжаттарды ресімдеу тәртібі:

  • Консулдық қызметтерді алу үшін өтінішті және құжаттардың көшірмелерін (талаптарға сәйкес - https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/documents/details/adilet/V1600014531?lang=kkvisa-addis@mfa.kzэлектрондық поштасына алдын-ала жолдау қажет.
  • Құжаттардың талаптарға сәйкестігі туралы жауап алғаннан кейін, консулдық қызметкердің қабылдауына visa-addis@mfa.kzэлектрондық поштасы арқылы жазылып, құжаттардың түпнұсқаларын жеке ұсыну және сұхбаттасудан өту қажет.
  • Консулдық қызметкерден қабылдауды растайтыны туралы жауап алғаннан кейін, құжаттарды толтыру және сұхбаттан өту үшін көрсетілген күні консулдық бөлімге азаматтың жеке өзі келуі тиіс.

Азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері 09.30-дан 12.00-ге дейін іске асады.

Өтініш берушілердің жеке қатысуы міндетті екендігіне назар аударамыз.

 

Құжаттарды қабылдау:

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма 09.30-дан 12.00-ге дейін

Құжаттарды беру:

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін

 

Консулдық алымдарды төлеу:

Барлық төлемдер Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігінің консулдық шотына мынадай деректемелер бойынша жасалуы тиіс: Kazakhstan Embassy Сonsular Fees, Account number: 1000143251253/. Барлық төлемдер АҚШ долларымен қабылданатынына назар аударамыз.

Эфиопияның Ұлттық мереке күндері жергілікті банктер жұмыс істемейтінін ескеруді сұраймыз: 1) 7 қаңтар, Эфиопияда Иса Пайғамбардың туған күні; 2) 19 қаңтар, Эфиопиядағы шоқыну мерекесі; 3) 2 наурыз, Эфиопиядағы Адуа шайқасындағы жеңіс күні; 4) 1 мамыр, Эфиопиядағы еңбек мерекесі; 5) 28 мамыр, Эфиопиядағы Дерг билігінің құлаған күні; 6) 11 қыркүйек, Энкутаташ — эфиопиялық Жаңа жыл; 7) 27 Қыркүйек, Эфиопиядағы Маулид ән-Наби (Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келуі); 8) 28 қыркүйек, Шынайы кресттің ашылуы (Мескел); 9) 28 желтоқсан, Кулуби Габриэль — Эфиопиядағы Әулие Жәбірейіл күні.

 

ҚР азаматтарына арналған арнайы “жедел желі” (24/7)

+251 945 051 624,  kazembethiopia@gmail.com

+251 116 67 33 54,  visa-addis@mfa.kz

 

Қазақстан Республикасының мереке күндері (жұмыс істемейтін күндер)

1-2 қаңтар, Жаңа жыл (1 қаңтар демалыс күніне келсе 3 қаңтарға ауыстырылады)

7 қаңтар, Рождество Христово мерекесі

8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз, Наурыз мейрамы

1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

7 мамыр,  Отан қорғаушылар күні

9 мамыр, Жеңіс күні

6 шілде, Астана Күні

30 тамыз, Қазақстан Республикасының Конституция Күні

25 қазан, Республика күні

16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

 

Шетелдік азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының визалық тәртібі https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/6764?directionId=3053&lang=ru

 

Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге арналған құжаттар тізімі:

1) көлемі 3.5х4.5 сантиметр түрлі-түсті немесе ақ-қара фотосуреті бар визалық сауалнама - 1 дана (өтініш басып шығарылуы және толтырылуы қажет);

2) визалық қолдау нөмірі бар Қазақстан Республикасынан шақырудың көшірмесі;

3) ҚР ІІМ шақыруының болуы талап етілмейтін виза алушылардың мынадай санаттарының қолдаухаты - 1 дана:

- мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары (виза алудың жеңілдетілген рәсімі бойынша) - “А3”, “В1”, “В3”, “В10” және “В12”;

- бұрынғы отандастарға (Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында Ұлттық паспортта, туу туралы куәлікте немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасының Неке қию туралы куәлігінде туған жері туралы бағанда тиісті белгісі болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы анықтамасы болса - “В10”;

- шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар - “В4”, “В5”, “ В8”, “В10” (жерлеуге немесе туыстары/жақындары ауырған жағдайда, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе ата-аналарына, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне - бір мәртелік виза), “В13”, “С1”, “С2”, “С4” (бір мәртелік виза 90 тәулікке дейін) және “С10”;

4) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік, шетелдік паспорты, түпнұсқасы және 1 көшірмесі (паспорттың қолданылу мерзімі сұрау салынған визаның қолданылу мерзімінен кемінде 3 айға асып тұруы тиіс. Паспортта кем дегенде бір бос бет болуы керек);

5) тұрақты тұру, іскерлік немесе инвесторлық мақсаттар бойынша ұзақ тұруға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға рұқсатты растайтын құжат, түпнұсқа және 1 көшірме;

6) 1-ші қосымшаға сәйкес виза алу үшін қажетті қосымша құжаттар (сұралатын виза санатына байланысты) - мұнда қараңыз;

7) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.

 

Визаны рәсімдеу үшін төленетін консулдық алымдар:

 

- бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визадан басқа) - 80 АҚШ доллары;

- көп мәртелік виза - (туристік және транзиттік визадан басқа) - 200 АҚШ доллары;

- туристік бір мәртелік  виза - 60 АҚШ доллары;

- туристік көп мәртелік виза - 90 АҚШ доллары;

- транзиттік бір мәртелік виза - 20 АҚШ доллары;

- транзиттік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары.

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 629-шы бабының 7-ші тармағына сәйкес, төленген консулдық алым қайтарылуға жатпайтынына назар аударамыз.

Құжаттар азаматтардың жеке өзі (соттың әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар үшін, олардың заңды өкілдері (ата-аналар, қорғаншылар, қамқоршылар) немесе өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) қабылданады және беріледі.

 

1
Пресс центр
Comic Con Astana фестиваліне қандай әлемдік жұлдыздар келедіComic Con Astana фестиваліне қандай әлемдік жұлдыздар келеді
Астанада Samruk-Kazyna қолдауымен халықаралық «2026 жылғы Болашақ Ойындары» (GOTF 2026) өтедіАстанада Samruk-Kazyna қолдауымен халықаралық «2026 жылғы Болашақ Ойындары» (GOTF 2026) өтеді
Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на совместном заседании палат ПарламентаВыступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на совместном заседании палат Парламента
Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі Өзбекстан Елшісімен кездесу өткіздіЭфиопиядағы Қазақстан Елшісі Өзбекстан Елшісімен кездесу өткізді
Қазақстан Елшілігі Эфиопияның «Жасыл мұра» бағдарламасына қатыстыҚазақстан Елшілігі Эфиопияның «Жасыл мұра» бағдарламасына қатысты
Направления
Жамбыл Жабаев 175
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ұлы қазақ жазушысы Абай Құнанбаевтың шығармашылығы
Екіжақты қарым-қатынасы
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жаднама
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Әбу Насыр Әл-Фараби
Шарттық-құқықтық база
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Қажымұқан Мұңайтпасұлы 150
Полезные ссылки
Документы
Об утверждении Правил использования веб-портала государственных закупок и Правил работы веб-портала государственных закупок в случае возникновения технических сбоев работы веб-портала государственных закупок
2024-10-09T00:00:00Z
Елшілік қызметкерлерінің тізімі
2021-03-12T00:00:00Z
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібі
2020-07-20T00:00:00Z
Вакансии
Календарь событий
2025-12-23
Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне cенім грамоталарын тапсырды
2025-12-23
Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды
Услуги
Слайды
INVEST IN KAZAKHSTAN
INVEST IN KAZAKHSTAN
«АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ
«АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат
Мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат
"GO KAZAKHSTAN" ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ
"GO KAZAKHSTAN" ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ
Қажымұқан-150
Қажымұқан-150
Жамбыл-175
Жамбыл-175
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съез
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съез
Страницы
Екіжақты ынтымақтастық
Елшілік туралы
Консулдық мәселелер
Байланыс ақпарат
Реализуемые проекты
Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалығыҚазақстанның АӨСШК-ке төрағалығы
Социальные медиа
Instagram
twitter
youtube
facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері