Қазақстан Елшісі Сомали Елшісімен кездесті

Қазақстан Елшісі Сомали Елшісімен кездесті

2024 жылғы 2 сәуір, Аддис - Абеба - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР-дың Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Сомали Федеративтік Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Абдуллахи Варфамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, халықаралық күн тәртібі бойынша, оның ішінде БҰҰ мен өңірлік ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастардың мәнмәтініндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар консулдық-құқықтық саладағы ынтымақтастықтың, атап айтқанда, тараптардың жекелеген сауалдары бойынша құқықтық көмек көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды нығайту мүддесінде өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастыруға деген өзара көзқарас расталды.