Сейшел аралдарының Елшілігімен кездесу

Сейшел аралдарының Елшілігімен кездесу

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 26 шілде - ҚР Эфиопиядағы Елшілігінің екінші хатшысы Б.Адуовтың Сейшел Аралдары Республикасы Елшілігінің екінші хатшысы Патрисия Илунгамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ консулдық саладағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.