Қазақстан Елшілігі Африка одағының 60 жылдығын мерекелеуге қатысты

Қазақстан Елшілігі Африка одағының 60 жылдығын мерекелеуге қатысты

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 25 мамыр – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілдігі Африка одағы құрылғанына 60 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шара Нельсон Манделаның есімімен аталатын Африка одағы ассамблеясының залында өтті.

Оған 36-шы АО ассамблеясының президенті, Комор аралдары Республикасының Президенті А.Ассумани, АО комиссиясының төрағасы М.Ф.Махамат, Эфиопия Премьер-министрі А.Ахмед, Африка одағы органдарының басшылары, АО мүше мемлекеттердің өкілдері, бақылаушы елдер мен халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілдері, ҮЕҰ мен БАҚ-тар қатысты.

Photo credit: au.int

Анықтама: Африка Бірлігі Ұйымы 1963 жылы 25 мамырда құрылып, 2002 жылы Африка одағына айналды. Қазіргі уақытта АО Африка континентінің барлық 55 елін біріктіреді. АО - саяси және экономикалық интеграцияның үлкен тәжірибесі бар әлемдегі ең ірі және ең көне континенттік ұйымдардың бірі. АО шеңберінде жалпы халқы 1,3 млрд. адам және жалпы ЖІӨ 3,4 трлн. АҚШ долларын құрайтын Континенттік еркін сауда аймағы құрылған.