Эфиопияда Қазақстан-Сейшел қатынастары талқыланды

Эфиопияда Қазақстан-Сейшел қатынастары талқыланды

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 27 сәуір – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Сейшел аралдары Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Конрад Медерикпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2022 жылға жоспарланған іс-шараларды талқылады.

Саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың сындарлы және өзара тиімді сипаты атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.