Қазақстан мен Эфиопия дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толуын атап өтуде

Қазақстан мен Эфиопия дипломатиялық қатынастардың орнағанына  10 жыл толуын атап өтуде

Аддис-Абеба, 2021 жылғы 5 қыркүйек – Бүгін Қазақстан мен Эфиопия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына тура 10 жыл толды.

Осы жылдар ішінде елдер арасындағы қатынастар сапалы мазмұнмен толықты. Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық сенімді және достық сипатқа ие. Сыртқы істер министрлерінің кездесулері бірнеше рет өтті.

Қазақстан мен Эфиопияның БҰҰ, ЮНЕСКО ұйымдары мен институттары шеңберіндегі халықаралық аренадағы өзара тиімді ынтымақтастығы маңызды рөл атқарады. Қазақстан Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада орналасқан Африка Одағында да байқаушы болып табылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында кең перспективалар бар.

Екі ел мәдени-гуманитарлық қатынастар саласындағы жобаларды іске асыру үшін үлкен әлеуетке ие.

Қазақстан мен Эфиопия екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматта жемісті өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға ниет білдіреді.