Эфиопияда Қазақстанның мәдени мұрасы талқыланды

Эфиопияда Қазақстанның мәдени мұрасы талқыланды

АДДИС-АБЕБА, 2021 жылғы 8 шілде – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсарин, Әлихан Бөкейханов, Дина Нұрпейісова, Қажымұқан Мұңайтпасов, Мұқағали Мақатаевтың мерейтойларын мерекелеу шеңберінде Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінде Ұлы Дала елінің мәдени мұрасына арналған семинар өтті.

Семинарға Эфиопия Сыртқы істер министрлігінің, Африка одағы комиссиясы Хатшылығының өкілдері, Эфиопияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының бас хатшысы, ЮНЕСКО-ның Африкадағы Өңірлік кеңсесінің, дипломатиялық корпустың, стратегиялық зерттеулер институтының басшысы, Аддис-Абеба университетінің студенттері, сондай-ақ бірқатар эфиопиялық басылымдардың журналистері қатысты.

Іс-шара қонақтарына «Қазақстанның мәдени мұрасы – дүниежүзілік мәдени мұраның ажырамас бөлігі» атты тақырыбында презентация ұсынылды. Қатысушылар қазақ этногенезінің тарихымен, түркі өркениетінің пайда болуына себеп болған бірегей жылқы-көшпелі мәдениеттің қалыптасу тарихымен егжей-тегжейлі танысты.

Іс–шараға қатысушылар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша қоғамдық сананы жаңғыртуға, мәдени өзіндік ерекшелікті жандандыруға және қазақ халқының бай тарихи мұрасын зерттеуге бағытталған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының Қазақстанда іске асырылуы туралы ақпаратты тыңдады. Семинар барысында Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсарин, Әлихан Бөкейханов, Дина Нұрпейісова, Қажымұқан Мұңайтпасов және Мұқағали Мақатаев секілді көрнекті тарихи қайраткерлердің қазақ мәдениетін дамытуға ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада өз бетінше мемлекеттік даму, патриотизм және адам сүйгіштік әмбебап идеяларын ілгерілетуге елеулі үлес қосқаны атап өтілді.

Сонымен қатар, қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды мемлекеттік реформалармен танысты.

Семинар аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған фотокөрме, сондай-ақ Абай мен М.Мақатаевтың репертуарындағы қазақтың халық әндері, сондай-ақ дәстүрлі музыкалық аспаптармен орындалған эфиопиялық ұлттық әндер енген концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР тарихымен, дәстүрімен және мәдениетімен танысуды жоғары бағалады, қазақ мәдени орталығына барып, елімізбен достық қарым-қатынасты нығайтуға қызығушылық танытты. Іс-шара қонақтары мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты белсенді дамыту Қазақстанмен басқа салаларда кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.