Қазақстан мен Эфиопия арасындағы Денсаулық саласындағы бірлестікті бекіту

Қазақстан мен Эфиопия арасындағы Денсаулық саласындағы  бірлестікті бекіту

АДДИС-АБЕБА, 1 шілде 2021 ж. – Бүгін Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов ФДЭР -ның Денсаулық сақтау министрі д-р Лия Тадессемен кездесті.

Сұхбаттасу барысында Б.Садықов Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесімен, Ковидтің (КВИ) таралуына қарсы қолданылатын шаралармен таныстырды.

Ұлттық вакцинация сертификаттарын мойындау, Эфиопияға QazVac қазақстандық вакцинасын жеткізу, медицина саласындағы зерттеу орталықтары арасындағы бірлестікті тереңдету, студенттерге білім гранттарын беру мәселелері талқыланды.

Министр Лиа Тадессе Қазақстанмен медицина саласындағы, әсіресе Ковид (КВИ) пандемиясымен күрес саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделілік танытты. Қазақстан тарапының ұсыныстары Эфиопияның тиісті мамандандырылған құрылымдарымен тығыз  байланыста  мұқият қаралатын болады.

Тараптар өзара  байланысты жалғастыруға келісті.