Эфиопияда туылған Қазақстанның алғашқы азаматтары

Эфиопияда туылған Қазақстанның алғашқы азаматтары

Аддис-Абеба, 29 маусым 2021 ж. –Бүгін Эфиопияның астанасы Аддис-Абеба қаласында Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігінін ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығында дүниеге келген алғашқы қазақстандық балаларға Анджел Гебрегзиабер мен Фатимагүл Маратқа қазақстандық туу туралы куәліктерді салтанатты түрде  табыс етілді.

Бұл балалардың өміріндегі алғашқы құжаттарды беру, олардың
ата-аналарының, жақын туыстарының және Елшілігінің дипломаттарының қатысуымен мерекелік турде өтті.

Эфиопиямен ынтымақтастық жыл сайын кеңейіп келеді. Қазақстанның азаматтары Эфиопияға туристер ретінде белсенді келеді, сондай-ақ білім беру және медицина саласында мамандар болып жұмыс істейді.