Баспасөз хабарламасы ЭфиопиядаТәуелсіздіктің30жылындағыҚазақстанның жетістіктерітаныстырылды

Баспасөз хабарламасы ЭфиопиядаТәуелсіздіктің30жылындағыҚазақстанның жетістіктерітаныстырылды

2021ж.5 наурыз, Аддис-Абеба, - Бүгін ҚР Эфиопиядағы Елшілігінде  "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл. Нұр-сұлтанның сыртқы саяси бастамалары" атты семинар өткізілді. Іс-шараға Эфиопия СІМ Бас директоры Молалинг Асфа мырза, Бейбітшілік және стратегиялық зерттеулер институтының директоры, профессор Йонас Адайе, Аддис-Абеба университеті Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Б.Садықов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларындағы жетістіктерге жан-жақты сипаттама берді. Тендестірілген ішкі және сыртқы саясаттың арқасында Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің тобындағыәлемнің барлық мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнатқан заманауи, демократиялық, дамыған мемлекетке айналды. Елбасының көреген саясаты мен іс жүзінде іске асырылғанжаһандық сыртқы саясаттағы бастамаларыайрықша атап өтілді. Оның ішінде  Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы, ядролық қарудан бас тарту және ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі белсенді, дәйекті саясаты, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Еуразиялық экономикалық одақ құру, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ саммиттерін өткізу және т. б.

Семинарға қатысушылар Президент Қ.Тоқаевтың халықаралық, соның ішінде КВИ пандемиясына қарсы іс-қимыл және дамыған елдердің аз дамыған елдерге көмек көрсетуі, БҰҰ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі мамандандырылған агенттігін құру және т. б. бастамаларымен таныстырылды.

Семинарға қатысушылар Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын жоғары бағалап, ел басшылығының халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті, өңірлік экономикалық интеграцияны нығайтудағы, сенім шараларын, толеранттылық мәселелерін, дінаралық диалогты ілгерілетудегі белсенді қызметін атап өтті.

Елбасының халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті нығайтудағы, ядролық қарусыз данумен таратпау үдерісіне қосқанүлесі, сенім шараларын қалыптастырудағы және қақтығыстарды алдыналудағы, бітім гершілік тегі рөлі ерекше атап өтілді. Қазақстанның конфессия аралық және этносаралық диалогты нығайту жөніндегі саясаты, сондай-ақ елдің экономиканы дамыту үшін өзінің географиялық жағдайынан барын шапайда алу қабілеті ерекше қызығушылық тудырды.

Семинарға қатысушыларға фильм көрсетіліп,  Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары туралы фотокөрмеұ йымдастырылды.