Тәуелсіздік күні қарсаңында Аддис-Абебада фотокөрме мен «Қазақ Хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Аддис-Абебада фотокөрме мен «Қазақ Хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

13 желтоқсан, 2020, Аддис-Абеба, - Бүгін Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі Қазақстан туралы фотокөрме және «Қазақ Хандығы - Алмас қылыш» көркем фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Іс-шараға Эфиопия Сыртқы істер министрлігі БҰҰ департаментінің бас директоры
Давит Йрга, дипломатиялық корпустың өкілдері, марафоннан Олимпиада ойындарының көп мәртелі чемпионы Хайле Гебреселассие, Эфиопияда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары қатысты.
Кіріспе сөзінде елші Б.Садықов қатысушыларға  азақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктері мен жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы айтып берді.
Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуда, шет елдермен тату көршілік пен серіктестік қатынастарды орнатудағы Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың рөлі ерекше атап өтілді.
Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығы атап өтілді.
Көппартиялы жүйе мен саяси бәсекелестікті құруға, оғамның саяси процестеріне араласу деңгейін арттыруға бағытталған 2021 жылы қаңтарда өтетін парламенттік сайлау еліміздің саяси жүйесін реформалауының жаңа жағдайында өтетіні атап өтілді.