Аддис-Абебада Қазақстандағы парламенттік сайлауға дайындық туралы брифинг өтті

Аддис-Абебада Қазақстандағы парламенттік сайлауға дайындық туралы брифинг өтті

09 желтоқсан 2020, Аддис-Абеба, - Бүгін Эфиопиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің елшілерінің кездесуін өткізді. Кездесуге Эфиопия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Редван Хуссейн, Азия Департаментінің бас директоры М.Асфау және БҰҰ Департаментінің бас директоры Давит Йрга қатысты.

Kездесуге қатысушылар Эфиопия және Шығыс Африка жағдайды талқылады. 

Кездесу барысында елші Б.Садықов қатысушыларды Қазақстан парламентіне сайлауға дайындық барысымен, Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру және COVID 19 таралуын болдырмау шараларымен, оның ішінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың биоқауіпсіздік саласындағы бастамаларымен таныстырды.

Көппартиялы жүйе мен саяси бәсекелестікті құруға, қоғамның саяси процестеріне араласу деңгейін арттыруға бағытталған парламенттік сайлау еліміздің саяси жүйесін реформалауының жаңа жағдайында өтетіні атап өтілді.

Коронавирусқа қарсы вакцина өндірісі Қазақстан Үкіметінің басым міндеттерінің бірі болып табылатындығы және 2020 жылдың желтоқсанында қазақстандық вакцинаның екінші кезеңі және 2021 жылы үшінші кезеңі аяқталатындығы айтылды. Биологиялық қарудың және оның компоненттерінің көбеюіне жол бермеу мәселесіне ерекше мән беріле отырылып, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі алдында есеп беретін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасына назар аударылды.