Қазақстан Елшілігі Эфиопияның «Жасыл мұра» бағдарламасына қатысты

Қазақстан Елшілігі Эфиопияның «Жасыл мұра» бағдарламасына қатысты

Аддис-Абеба, 2026 жылғы 21 маусым – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі «Жасыл мұра» («Green Legacy») ұлттық бастамасы аясындағы ауқымды экологиялық акцияға қатысты.

Іс-шараға елдің атқарушы билік өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, еріктілер мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Жасыл мұра» бастамасы қоғам мен халықаралық серіктестерді инклюзивтілік пен ортақ болашақ идеяларының төңірегіне жұмылдыра отырып, экологиялық тұрғыдан орнықты мемлекет құрудың қуатты қозғаушы күші ретінде танылуда.

Қазақстан Елшілігі Эфиопия Үкіметіне аталған бағдарламаға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді. Бұл қадам тұрақты дамуға, халықаралық серіктестікті нығайтуға және планетаның болашағына бірлесе қамқорлық жасауға бағытталған маңызды серпін болып табылады.

Анықтама: 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Эфиопияда шамамен 48 миллиард көшет отырғызылды, ал үстіміздегі жылы тағы 8 миллиард көшет егу жоспарлануда.