2026 жылы 15 наурызда Эфиопияда болатын Қазақстан Республикасының азаматтарының назарына!

2026 жылы 15 наурызда Эфиопияда болатын Қазақстан Республикасының азаматтарының назарына!

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Эфиопия Федералды Демократиялық Республикасындағы Елшілігіндегі №481 сайлау учаскесінің жұмысы, қауіпсіздік мәселелеріне, тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарының болмауына байланысты, уақытша тоқтатылғаны туралы ақпаратты назарларыңызға саламыз.

Осы орайда, 2026 жылы 15 наурызда Республикалық референдумда дауыс беру құқығыңызды жүзеге асыру мақсатында өзіңізге ыңғайлы еліміздің басқа шетелдік мемлекеттерде орналасқан елшіліктері жанында ашылған сайлау учаскелерінде дауыс беру мүмкіндігіңізді алдын ала қарастыруыңызды өтінеміз.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктер жанынан құрылған учаскелік референдум комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/227345?lang=kk