Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады

Астана - Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.