Қазақстан Елшісі Ethiopia Airlines компаниясымен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қазақстан Елшісі Ethiopia Airlines компаниясымен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Аддис-Абеба, 7 қараша 2025 ж. – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Жалғас Әділбаев «Ethiopian Airlines» авиакомпаниясының Бас директорының орынбасары, Лемма Ядеча Гудетамен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Африка құрлығындағы жетекші әуе компаниясы — Ethiopian Airlines арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Басымды мәселе ретінде Астана мен Аддис-Абеба арасында тікелей әуе қатынасын дамыту мүмкіндігі қарастырылды.

Елші Ж.Әділбаев Қазақстан Африка құрлығымен көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға үлкен мән беретінін және халықаралық әуе тасымалы мен өңірлік интеграция саласында бай тәжірибесі бар Ethiopian Airlines компаниясын әлеуеті жоғары әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Екі ел арасында тікелей рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ іскер топтар мен туристер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететіні де назар аударылды.

Өз кезегінде, «Ethiopian Airlines» компаниясының Вице-президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдіріп, африкалық және азиялық жолаушылардың Орталық Азияға деген қызығушылығының артып келе жатқанын мәлімдеді. Ол «Ethiopian Airlines» Қазақстанды Еуропа мен Шығыс Азияны байланыстыратын перспективті нарық әрі транзиттік хаб ретінде қарастырып отырғанын  хабарлады.

Тараптар сондай-ақ «Ethiopian Airlines» компаниясының Қазақстанда өткізілетін халықаралық форумдар мен көрмелерге қатысу мүмкіндігі жайында, сондай-ақ Қазақстанның туристік әлеуеті туралы африкалық нарықта хабардар болу деңгейін арттыру бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сарапшылар деңгейде диалогты жалғастыруға, логистика, маркетинг және авиациялық сертификаттау мәселелерін бірлесіп пысықтауға келісті.