Қазақстан Елшілігі Эфиопияның «Жасыл мұра» бастамасын қолдайды

Қазақстан Елшілігі Эфиопияның «Жасыл мұра» бастамасын қолдайды

Аддис-Абеба, 2025 жылғы 29 маусым – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі Эфиопия Үкіметінің қолдауымен Аддис-Абеба қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Жасыл мұра» ұлттық бастамасы аясындағы «Отырғызу арқылы жаңару» атты ауқымды экологиялық акцияға қатысты.

Іс-шараға атқарушы билігінің өкілдері, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, волонтерлар мен БАҚ қатысты.

Шетелдік елшіліктерге ағаш отырғызу үшін елдер мен ұйымдардың атаулары жазылған учаскелер бөлінді, бұл бастаманың жаһандық сипатын көрсетеді.

«Отырғызу арқылы жаңару» акциясы Эфиопияның орнықты мемлекет құрудағы күш-жігерінің маңызды элементіне айналды, бұл бірлікті, инклюзивтілікті және ортақ болашаққа деген ұжымдық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан Елшілігі Эфиопия Үкіметіне тұрақты дамуға, халықаралық әріптестікті нығайтуға және планетамыздың болашағына бірлесіп қамқорлық жасаудағы маңызды қадам болып табылатын бағдарламаға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.

Анықтама: 2025 жылғы маусым айындағы жағдайы бойынша Эфиопияда 40 млрд-қа жуық көшет отырғызылды, ал биыл тағы 7,5 млрд көшет қосу жоспарлануда.