Қазақстан мен Руанда саяси консультациялардың бірінші раундын өткізді

Қазақстан мен Руанда саяси консультациялардың  бірінші раундын өткізді

2025 ж. 23 мамыр, г. Аддис-Абеба-Астана –онлайн форматта Қазақстан Республикасы мен Руанда екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың бірінші раунды өтті.

Тараптардың делегацияларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Руанда Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің  орынбасары Джеймс Кабаребе басқарды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, саяси диалогты жандандыруға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ цифрландыру, ауыл шаруашылығы, білім беру, қауіпсіздік және орнықты даму салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға өзара мүдделілікті атап өтті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Руанданы достас ел және Африкадағы маңызды әріптес ретінде қарастырып, Руандамен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Қазақстан-Руанда қатынастарының үдемелі дамуындағы парламенттік дипломатияның маңызды рөлі атап өтілді. Бұл тұрғыда дәстүрлі парламентаралық диалогты одан әрі жандандыруға қатысты ортақ пікірлер айтылды.

Дипломаттар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық бастамалар бойынша өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.