Әбу Даби, 2024 жылғы 30 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы БАӘ Сыртқы істер министрінің Протокол мәселелері жөніндегі орынбасары Сейф әл-Шамсимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың дамуының оң динамикасын атап өтіп, алдағы уақытқа белгіленген іс-шаралар жоспары бойынша пікір алмасты.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.