Әбу Дабиде Астана халықаралық қаржы орталығымен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Әбу Дабиде Астана халықаралық қаржы орталығымен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Әбу Даби, 9 желтоқсан 2024 жыл, Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Ренат Бектұров пен Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы «Al Nahda» инвестициялық компаниясының төрағасы және Mubadala Investment Company Басқарма кеңесінің мүшесі Абдухамид Мұхаммед Саид әл-Ахмадимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, инвестициялық әріптестік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді зерттеу, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, АХҚО-ның Орталық Азиядағы жетекші қаржы орталығы ретіндегі рөлі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің жаһандық инвестициялық әлеуетін біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалап, тәжірибе алмасу мен тұрақты диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.