Әбу Дабиде Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Әбу Дабиде Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Әбу Даби, 2024 жылғы 28 қараша – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы «Air Astana» ұлттық компаниясы ұйымдастырған салтанатты іс-шараға қатысты.

Салтанатты жиынның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қазақстандық әуе компаниясының өкілі Ғалымжан Базылбаев Қазақстан Елшілігінің қолдауымен және жергілікті мемлекеттік органдармен жүргізілген үйлесімді жұмыстардың арқасында биылдан бастап «Air Astana» компаниясы Астана – Әбу Даби және Алматы – Әбу Даби бағыттары бойынша әуе рейстері ашылғанын атап өтті. Сондай-ақ аталған шара Қазақстанның туристік әлеуетін насихаттауға және «Air Astana» компаниясының туризм нарығындағы мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталғанына назар аударды.

Іс-шара барысында жиынға қатысушылар компанияның жолаушыларға көрсететін жоғары деңгейдегі қызметтерімен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Kazakhstan Born Bold» акциясы аясында еліміздің  энергетика, логистика, білім беру және туризм сияқты стратегиялық салаларындағы жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.