Әмірліктер Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Әмірліктер Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Ү.ж. 5 наурызда Қазақстанның Әмірліктердегі Елшісі М.Меңілбеков БАӘ Мемлекеттік министрі Ахмед Али әл-Сайехпен кездесті.

Кездесу барысында аса жоғары және жоғары деңгейде өзара сапарлармен алмасу, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен шарт-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Елшісі А.әл-Сайехке ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянға жолдаған биыл 13-14 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына шақыру хатын табыстады.

БАӘ мемлекеттік министрі шақыруға ризашылығын білдіріп, аталған іс-шараның бүгінгінің өзекті мәселелерін талқылаудағы және жаңа инновациялық шешімдер мен ұсыныстар берудегі айрықша маңыздылығын атап өтті.

            Бұдан бөлек, тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық бағытта іске асып жатқан жобалар жөнінде өзекті ақпаратпен алмасты.

            А.Сайех экономикалық жобалардың қарқынды іске асуы екі ел арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамытуға сөзсіз үлес қосатынына назар аударды.

Кездесу соңында тараптар ҚР-БАӘ ынтымақтастығын одан әрі нығайту бағытында жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.