Әмірліктер Президентінің дипломатиялық кеңесшісімен кездесу туралы

Әмірліктер Президентінің дипломатиялық кеңесшісімен кездесу туралы

Ү.ж. 29 ақпанда Қазақстанның Әмірліктердегі Елшісі М.Меңілбеков БАӘ Президентінің дипломатиялық кеңесшісі Ануар Гаргашпен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы әр түрлі саладағы ынтымақтастық мәселелелері талқыланды.

Қазақстандық дипломат А.Гаргашқа ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрінің орынбасары, Президент әкімшілігінің министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянға биыл 13-14 маусымда өтетін «Астана халықаралық форумына» жолдаған  шақыруды табыстады.

БАӘ Президентінің дипломатиялық кеңесшісі шақыруды ризашылықпен қабыл алып, бұл іс-шараның маңыздылығына ерекше тоқталды.

Тараптар Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жылдардағы дамуының оң динамикасын атап өтіп, ынтымақтастық қарқынын одан әрі дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс атқару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.