БАӘ Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтарының құрылысына инвестиция салады

БАӘ Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтарының құрылысына инвестиция салады

Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтарын салу жөніндегі жобалар бойынша инвестициялық ынтымақтастыққа негіз құру мақсатында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестиция министрлігі арасында 2024 жылғы 12 қаңтарда Әбу Даби қаласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Н.Жақыпов және БАӘ Инвестициялар министрі
М.әл-Суейди қол қойды.

М.әл-Суейдидің айтуынша, «Меморандумға қол қою БАӘ-нің Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді».

Өз кезегінде Н.Жақыпов «деректерді өңдеу орталықтарын құру және дамыту Қазақстанның технологиялық дамуы үшін ерекше маңызға ие» екенін атап өтті. «Олар инновацияның негізі болып табылады және елдің экономикалық дамуына ықпал етеді».

2023 жылдың 9 айында БАӘ-ден тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 494,1 млн. долл құрады.