Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшісі М.Меңілбековпен кездесу барысында «Masdar» компаниясының Бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахи компанияның Жамбыл облысында жел электр станцияларын салу жоспарын растады.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар ү.ж. 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумы барысында «Masdar» Қазақстанның мемлекеттік органдарымен жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қояды деп уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама: 2006 жылы құрылған «Masdar» компаниясы жаңартылатын энергия көздері және тұрақты даму саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады.